Текст песни
Мөп-мөлдір сезімді тербетіп күн нұрыменен,
Бағымды гүлдерге толтырған кездер-ай.
Кешімді құлпыртып, қызғалдақ қыр гүліменен,
Шынайы бақытқа бөлеген көздер-ай.
Гүлдер-ай, гүлдер-ай,
Бақытты күндер-ай!
Гүл алған арудың күлгені-ай,
Секілді күн мен ай, қуантып гүлмен-ай.
Себепсіз, себеп — сіз деген-ай.
Гүлдер-ай, гүлдер-ай,
Бақытты күндер-ай!
Гүл алған арудың күлгені-ай,
Секілді күн мен ай, қуантып гүлмен-ай.
Себепсіз, себеп — сіз деген-ай.
Гүл алып, шырайлы көктемнің әсем кешінен,
Құмыра жүрекке орнатқан сәттер-ай.
Біздерді қуантып, аңқыған хош иісімен,
Ал өзі солады бір күні… Әттең-ай!
Гүлдер-ай, гүлдер-ай,
Бақытты күндер-ай!
Гүл алған арудың күлгені-ай,
Секілді күн мен ай, қуантып гүлмен-ай.
Себепсіз, себеп — сіз деген-ай.
Гүлдер-ай, гүлдер-ай,
Бақытты күндер-ай!
Гүл алған арудың күлгені-ай,
Секілді күн мен ай, қуантып гүлмен-ай.
Себепсіз, себеп — сіз деген-ай.