Текст песни
Жүрегімнің бөлшегі,
Бақытымның өлшемі,
Сені сүйемін.
Сүйгенімнің қасында
Ханшайымдай, расында,
Өмір сүремін.
Күн нұрындай, қылығым-ай,
Төгілген саған.
Жер шарындай, жүрегің-ай,
Берілген маған.
Көздерің-ай, қара-қара,
Қарап тұрсың маған ғана.
Шаштарымды желмен тарап,
Тарам-тарам, тарам-тарам, тарам.
Жан шаршауым азайып,
Сені көрсем, ғажайып күй кешемін.
Ең бақытты шағымда
Мен бақыт құшағында тербелемін.
Күн нұрындай, қылығым-ай,
Төгілген саған.
Жер шарындай, жүрегің-ай,
Берілген маған.
Көздерің-ай, қара-қара,
Қарап тұрсың маған ғана.
Шаштарымды желмен тарап,
Тарам-тарам, тарам-тарам, тарам.