Текст песни
Көктемдей құлпырған,
Ерекше түр-тұлғаң.
Есімнен кетпейді,
Жанарың нұр тұнған.
Нұр тұнған, сыр тұнған,
Бір сырдан, бір бұлғаң.
Жолыңа болсамшы,
Япыр-ай, мен құрбан.
Барады балқып тән,
Қалмады менде жан.
Өзіңсіз мүмкін бе,
Өмірде болу мән?!
Нұр тұнған, сыр тұнған.
Бір сырдан, бір бұлғаң.
Жолыңа болсамшы,
Япыр-ай, мен құрбан.
Жәудіреп жанарың,
Қиыла қарадың.
От болып лапылдап,
Өртеніп барамын.
Нұр тұнған, сыр тұнған,
Бір сырдан, бір бұлғаң.
Жолыңа болсамшы,
Япыр-ай, мен құрбан.