Текст песни
Сағынып өскен даласын, жан жарын, әке-анасын.
Бағынып өмір заңына, жанының емдеп жарасын.
Байлығым, бағым деп білген балаларының баласын.
Ғұмырың ұзақ болса екен, бұрымы аппақ анашым.
Байлығым, бағым деп білген баларының баласын.
Ғұмырың ұзақ болса екен, бұрымы аппақ анашым.
Әкемнің біліп бағасын, алдына қойған бар асын.
Арындай таза ұстаған ақ көйлегінің жағасын.
Әулеттің жалғап арасын, таңдаған жолдың сарасын.
Ғұмырың ұзақ болса екен, бұрымы аппақ анашым.
Әулеттің жалғап арасын, таңдаған жолдың сарасын.
Ғұмырың ұзақ болса екен, бұрымы аппақ анашым.
Нәп-нәзік гүлдей ғанасың, нәзікте болсаң панасың.