Текст песни
Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем.
Әлдиіммен тербелген ұйқың сондай тәтті екен.
Күлкі ойнаған жүзіңнен әкең, анаң айналсын.
Ай мен жұлдыз түсіңде сеніменен ойнасын.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди-ай.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди-ай.
Ұйықтады құлыншақ, ұйықтады қозы-лақ.
Бар айнала мүлгіді, ояу жатқан өзің-ақ.
Көз моншағым ақ балам, Алла берген бақ маған.
Тыныш елдің ұлысың, алаңдамай жат, балам.
Тыныш елдің ұлысың, алаңдамай жат, балам.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди-ай.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди-ай.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди-ай.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди-ай.