Перейти к содержимому
Обложка трека Өзгеріс — MAKSAT RAHMET
2:38

Трек

MAKSAT RAHMET Өзгеріс

Сингл · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Түр бермейм шаршасамда адамдарға
Қасқырлар бар жамылған қой терісін
Өзгермейм жағу үшін надандарға
Оларды өзгертуге бар ғой күшім
Тартады табансыздар табанымнан
Өздері бара алмайды арманына
Астынан кір іздейді тырнағымның
Пенделер татымайтын тырнағыма
Өзгерісті өзім бастадым
Мен болмасам енді басқа кім
Сенбегендерге айтарым
Енді дайын бол
Үнемі көлеңкеммен төбелесем
Бағындырғысы келді, бағынбадым
Тобырға қарсы тұрып ерегісем
Білмеймін алдымда кім, жанымда кім
Далаға жібермеймін несібемді
Қойылған ережеңе көнбедім мен
Бәрі де оңай болса несіне енді
Мен жүрген жолмен жүріп көрмедің бе

0:00 0:00