Текст песни
“Нақ нақ” (қазақтың халық әні)
Сөйле десең, сөлейін, сөз келгенде
Киер көйлек шаруалар бөз келгенде!
Ызғар-ау! Денің сау ма, қыздар-ау!
Айт дегенде несіне іркілейін,
Үлкен, кіші, жақсылар кез келгенде!
Тамаша-ой денің сау ма құдаша-ау!
Тобылғының түбінен
Қазық алдым, былқ-былқ!
Бөдененің етінен
Азық алдым, сылқ-сылқ!
Қасың қара, қыз өңкей,
Ақ тамақ қыз бір өңкей!
Әбау қыздар, әбау-бақ,
Тырна маттай, туай-тақ,
Екі манақ, нақ-нақ!
Ішім-ай! Дертім-ай, қыздар-ай, қырғын-ай!
Қыр басында қыз ойнақ, күндіз мәжіліс, түнде ойнақ!
Екі манақ, нақ-нақ!
Айта бар, қайта бар, қыздарға сәлем айта бар
Жиналған қыз, боз-бала оу
Қосылып әнге сал-ай!
Кел екеуміз, домбыра, қосылайық!
Айқай салып, ән қосып, жосылайық!
Ызғар ай! Денің сау ма, қыздар-ау!
Бекер қарап, құр босқа отырғанша,
Бозбалаға болмай ма осы лайық!
Тамаша-ой денің сау ма құдаша-ай!
Тобылғының түбінен
Қазық алдым, былқ-былқ!
Бөдененің етінен
Азық алдым, сылқ-сылқ!
Қасың қара, қыз өңкей,
Ақ тамақ қыз бір өңкей!
Әбау қыздар, әбау-бақ,
Тырна маттай, туай-тақ,
Екі манақ, нақ-нақ!
Ішім-ай! Дертім-ай, қыздар-ай, қырғын-ай!
Қыр басында қыз ойнақ, күндіз мәжіліс, түнде ойнақ!
Екі манақ, нақ-нақ!
Айта бар, қайта бар, қыздарға сәлем айта бар
Жиналған қыз, боз-бала оу
Қосылып әнге сал-ай!