Перейти к содержимому
Обложка трека Balalyq şaqqa aparşy — MAKSAT RAHMET
3:48

Трек

MAKSAT RAHMET Balalyq şaqqa aparşy

Сингл · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Мен балалық шаққа қайтқым келеді,
Қолыңнан ұстап жүретін.
Қағаздан жасалған қайық, кемені,
Жіберіп суға, күлетін...
Хабарым болмай ешқандай істен,
Мына өмір сондай ұнайтын.
Жүрекке емес тізеге түскен,
Жарадан ғана жылайтын...
Мына өмірдің еріксіз мама
Уақыт ырқына бағындым мама
Апаршы мені өткенге, мама,
Балалық шақты сағындым, мама
Ал енді қазір бәрі басқаша,
Күлгеннен көп-ті жылауым.
Бала кездегі тасқа сүрініп,
Арман боп қалды құлауым...
Жанымның мынау түгі қалмады,
Ит-тағдыр кетті тістелеп.
Тілеймін кейде жүрекке түскен,
Жара тізеге түссе деп...
Мына өмірдің еріксіз мама
Уақыт ырқына бағындым мама
Апаршы мені өткенге, мама,
Балалық шақты сағындым, мама
Сынудың аз-ақ алдында жүрмін,
Сабыр, күшімді бекемдеп.
Ақымақ басым, неге армандадым,
Тезірек өссем екен деп?!
Мына өмірдің еріксіз мама
Уақыт ырқына бағындым мама
Апаршы мені өткенге, мама,
Балалық шақты сағындым, мама

0:00 0:00