Текст песни
Самал жел, қанатың кең, сенде жоқ бір арман да,
Аралайсың сай-саланы, тауды да.
Менде сенің құдыретіңдей күш қайда?
Сәлемімді, сүйгенімді жеткізші сен сол жанға.
Сүйем сені, сүйіп өтем қашанда,
Жан сырымды сақтап жүрмін жанымда.
Салған әнім самал желмен жетер ме?
Естір ме екен сүйген жаным жалғанда?
Сүйгім келеді, көргім келеді қашанда,
Сағынышым айналды үлкен арманға.
Самал желге айтқан үлкен сырымды
Сырсандықта сақтаймын, мәңгі жанымда.
Сүйем сені, сүйіп өтем қашанда,
Жан сырымды сақтап жүрмін жанымда.
Салған әнім самал желмен жетер ме?
Естір ме екен сүйген жаным жалғанда?
Жақыным алыс жүр екенсің, сен, қайда?
Жүрмін мен де сені ойлаумен бейжайда.
Түсімде көріп әр заманда қуанам,
Қол жетпесім, жақыным алыс жалғанда.