Обложка трека Tänım men janym — Amira Lyric, Mars&Sea, Sultone
3:36

Amira Lyric, Mars&Sea, Sultone Tänım men janym

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Жолымда
Шолпан жұлдызымсың ба?
Мен адасып қалсам да
Бағыт бересің маған
Жасырма
Сезіміңді жасырма
Бұл өмір біреу ғана
Біздің махаббатқа
Менің тәніммен
Менің жаныммен
Арналғанмын саған
Мен сенемін соған
Бар махаббатым
Нәзік сезімім
Тиесілі саған
Сенесің бе маған?
Батқанда көздеріңе
Дауысыңның іздерінен
Келемін мен елжіреп
Қайда жетелер екен
Қол бұлғап терезеңе
Мені байқамасаң
Қайта айтамын
Сенің есіміңді
Жүрегімде жазылған
Кейде қара күндердің
Арасында адасқанмын
Қара көздер мені қайта өзіне
Қаратқызды
Көк аспанның астында
Мен күнді іздеп таба алмадым
Сен менің компасым болшы жаным
Алдамайтын
Мен қайда болсам да
Бол жанымда
Сүйдім бұл ғаламда
Сені ғана
Менің тәніммен
Менің жаныммен
Арналғанмын саған
Мен сенемін соған
Бар махаббатым
Нәзік сезімім
Тиесілі саған
Сенесің бе маған?
Сенің көздеріңнен
Таптым барлық бақытты
Іздеген бұл өмірде
Бір мезетте
Гүлдеген бақ ортасында тап болдым мен
Сенің күлкіңнен
Мөлдіреген бұлақ суының
Сылдырын елестетемін
Жаным сенесің бе
Сенің көздеріңнен
Таптым барлық бақытты
Іздеген бұл өмірде
Бір мезетте
Гүлдеген бақ ортасында тап болдым мен
Сенің күлкіңнен
Мөлдіреген бұлақ суының
Сылдырын елестетемін
Жаным сенесің бе

0:00 0:00