Перейти к содержимому
Обложка трека Көлеңке — NY-ZA
3:13

Трек

NY-ZA Көлеңке

Сингл · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Ескексіз қайық алдыға қарай жүзбейді
Бақыт қайда деп сұрасам бәрі сен дейді
Сеннен өзгені жүрегім мүлде сезбейді
Тек сенің ғана дауысың мені тербейді
Жүрегіміз теңбе тең
Әуеніммен тербетем
Дауысыңмен емдеген
Сен судайсың шөлдеткең
Болайыншы көлеңкең ізіңнен ерген
Болайыншы көлеңкең сен салған жолдармен келем
Болайыншы көлеңкең артыңнан ерген
Болайыншы көлеңкең сен салған жолдармен келем
Бейнелеп суретіңді, ғашық болған көздермен
Шабытсың тым бөлек өрнектелген сөздермен
Құшағыма қысайын, болмасын бізде уайым
Жарық төгетін жаныма, сен менің айым
Келбетіңнен айналайын, сен үшін бәріне дайын
Көлеңкеңдей еретін қорғаның болайын
Болайыншы көлеңкең ізіңнен ерген
Болайыншы көлеңкең сен салған жолдармен келем
Болайыншы көлеңкең артыңнан ерген
Болайыншы көлеңкең сен салған жолдармен келем

0:00 0:00