Текст песни
Көлік сыртында баяу ғана
Артқа қарай сырғыған қала
Көше толы бейтаныс жанға
Асығады қайда ?!
Өмір бейне шәйқас алаңы
Біреу алдап біреу шалады
Неге сонша тездеп барады ?!
Өзіңді түсінетін жан болса
Ең үлкен бақыт қазыр расында
Әрқашан болатын
Бірге қасыңда
Осындай ойлар мазалап кейде
Сырымд(ы) айтам мен
Жалғыз өзіңе
Шыныңд(ы) айтшы
Мені түсінесіңбе ?!
Ақырындатқым келеді
Бул шулаған дүниені
Сені тыңдағым келед
Тыныштықта
Баяулатсақ айналаны
Көркемдігі байқалады
Бәрі осы сәтте
Бәрі осында
Бурынғыдай аймалап сені
Жылуыңды сезінбегелі
Көп болды сыр бөліспегелі
Кешірші мені
Айталмаймын кейбір сөздерді
Сені муңға бергім келмейді
Саған деген сезім өшпейді