Текст песни
Кезекті көңілсіз смайлик, кезекті көңілсіз стикер,
Жауапсыз хаттар жазамымдеп уақытым өтті бекер.
Естуімше бақыт таптың, менсіз тауып жолды төте,
Айтшы қалай жақын жандар бір-біріне болды бөтен.
Түсінгенім махаббат көкіректікті көтермейд,
Мәңгі менімен болады деп жүрдім мен қам жемей.
Көзжасыңды жасырмасаң да мен жүрдім түк көрмей,
Неге қолда бардың қадірін ұқпаймыз өкінбей.
Бүгін тағы ұйқы жоқ, бүгін тағы ұйқы жоқ,
Небір ойлар мазалап, жүрегіме зілдей боп.
Жылағаныңды қаламаймын бірақ та жылаттым,
Оралмайсың түсінемін сенсіз тағы күн батты.
Бақытыңды тілеймін, бірақ өзгемен емес,
Болса да мейлі тіпті ол ханзада.
Саған деген сезімім өзгерер емес,
Үміт жалыны әлсін ғана жанса да.
Қимаймын басқаға,
Болсада ханзада!
Сен қара тізімдерге салдың, менің хаттарым жетпейд,
Орта жолдан неліктен тайдың бірге мәреге жетпей?
Кім ол? Кім ол? Саған күмән, күмән салған,
Мүмкіндік бер дәлелдейм бәрі жалған.
Ортақ суреттерге қарап кейде бақытты шақтарға қайта оралам,
Өмірімнің мәні өзің, махаббатың болмаса мәңгіге жоғалам.
Бүгін тағы ұйқы жоқ, бүгін тағы ұйқы жоқ,
Небір ойлар мазалап, жүрегіме зілдей боп.
Жылағаныңды қаламаймын бірақ та жылаттым,
Оралмайсың түсінемін сенсіз тағы күн батты.