Обложка трека Серт — Smitty
4:08

Smitty Серт

Сингл · 2020

Скачать

Текст песни

Бұл ыстық қала мені жауратты, келбеті оның қирап тұр,
Ызғарлы таңым оятып, не деп ызылдап тұр?!
Астана әп-әдемі ақ қой, бірақ та эпидемия қатты
Махаббат деген бар сырқат бір, сезім жүрегімізге артқан.
Далада отыз, жүректе тоғыз, плюс емес минус,
Спидометр екі жүз - трассада екеуіміз.
Шиналар ысқырып жарысып боранда,
Мен оны қайда алып кетіп барамын?!
Мен оны сүйермін "отчаянно",
Мұның бәрі иә, қызғанғаннан!
Кешір! Енді сен не менімен, не менімен!
Ультиматум білем ренжімегін
Мен саған саймын, не кемшілігім?
Әдетім болса да түтін шегетін,
Қасиетім бар сүйетін шын жүректен!
Үндемейсің неге? Сонда не бекер қаланы айналды ма Рэндж Ровер?!
Жауапсыз махаббат осы, міне осы!
Сүйе алмай қосыла алмайды, досым!
Маған по... енді маған по...
Болмаспын енді мен емен пол.
"От души" таптадың базар жоқ,
Қош енді аруым аман бол!
Менің енді күреске шамам жоқ
Амал жоқ, аруым, амал жоқ!

Серт бердің - сүйе алмадың,
Менімен ойнадың.
Түсіне алмадым, неге жаурады, жаным?!
Менде бәрі мынау,
Күнде дәрімен ауырып.
Түнде әнім минор, мен енді сағындым оны,
Мен енді сағындым оны, түтінім сағымым боп, эй!
Бататын болдым ғой тұманның астына...

Білесің, айым музыка менің өмірім,
Білесің ғой маған маңызды бұл өнерім.
Десекте сені сүйем, саған ешкім тең келмес,
Олар бәрі арсыз қыздар, оларға басым кетпес.
Үлкен қалада сені таңдадым,
Жүрек ұнатты мен оны тыңдадым.
Қаншама шабыттың себепкерісің,
Әлсіздік білдірсем демеп бересің.
Алайда шыдамың біткен секілді,
Бұл болған секілді, сезімнен секірдің.
Жетіп жатырмын жетістікке ақырын,
Кеттің ғой түкіріп бетіне сезімнің.
Өйткені мен бұл жағдайға төтеп берем,
Алланың алдында жауап берем.
Ортада қалды ғой періште түсінбей,
"Әкем үйге неге қонбайды?" - дегендей.
Балалық өтеді білінбей, бірақта...
Көрмесем сағынам оны мен бір апта.
Ескерттің мені сен талай,
Жүрші тыныш - деп әуендер арнамай.
Кешірім өтінем, байлығым - өнерім,
Таң қалдырар затты бұдан тыс көрмедім.
Сондықтан сырласам парақпен ғана,
Жазылмаса дертім менің арақпен ғана.
Бетпе-бет сенің сөйлескің келмейд(і),
Демек, сенің жүрегің сезбейд(і).
Айналада білесің кімнің көп екенін,
Десекте, жаным амал етемін.

Серт бердің - сүйе алмадың,
Менімен ойнадың.
Түсіне алмадым, неге жаурады, жаным?!
Менде бәрі мынау,
Күнде дәрімен ауырып.
Түнде әнім минор, мен енді сағындым оны,
Мен енді сағындым оны, түтінім сағымым боп, эй!
Бататын болдым ғой тұманның астына...

0:00 0:00