Текст песни
Сен едің аяулы асылым
Жүректі тербеген ғашығым
Сен десе тулайды ақ сезім
Теңіздей толқып мен тасыдым
Қайдасың ақ арман тілегім
Өзің деп соғады жүрегім
Сен мені барым деп бағала
Мен сені, бағым деп білемін
Ғашығым!
Ғашығым!
Аңсаймын, бірге өткен күндерді
Қызғалдақ нұр көктем гүлдерді
Аңсаймын айлы аспан, ақ шуақ
Жұлдыздар құлаған түндерді
Қайдасың ақ арман тілегім
Өзің деп соғады жүрегім
Сен мені барым деп бағала
Мен сені, бағым деп білемін
Ғашығым!
Қайдасың ақ арман тілегім
Өзің деп соғады жүрегім
Сен мені барым деп бағала
Мен сені, бағым деп білемін
Ғашығым!
Ғашығым!
Ғашығым!