Текст песни
Әке, әкетайым, әкешім
Асқартаудай биік шың әкесің
Әке бауырыңда еркелеткен құлыныңмын
Әке мен кешегі бөпешің
Әке бауырыңда еркелеткен
Қызыңның наз мінезін көркем еткен
Тек өзіңнің тәлімің
Әке мол мейірің, бізге жеткен
Әке Әкетайым, айбынымсыз
Әке кең дария айдынымсыз
Әке жерде майса, аспанда күн секілденіп
Әке жүрмін сізбен қайғы мұңсыз
Әке бауырыңда еркелеткен
Қызыңның наз мінезін көркем еткен
Тек өзіңнің тәлімің
Әке мол мейірің, бізге жеткен
Әке сағынышың шөлдеткен соң
Қызғалдағың, құлпырып ержеткен соң
Көйлегіңнің жағасын
Иіскеп-иіскеп алсын балашың
Әке сағынышың шөлдеткен соң
Қызғалдағың, құлпырып ержеткен соң
Көйлегіңнің жағасын
Иіскеп-иіскеп алсын балашың