Текст песни
Жыр менен қалай бәрін жеткізейін
Сіз құсап қорғамайды ешкімімде
Анашым жаныңзда өткізейін
Бес күндік, бұл жалғанның бес күнінде
Жақыным сіз ғанасыз бұл өмірде
Аман бол амандығың, қымбат маған
Мен білмес жұмақ бар-ау жүрегіңде
Бақытқа әркез мені құндақтаған
Мен білмес жұмақ бар-ау жүрегіңде
Бақытқа әркез мені құндақтаған
Жаныма түйіп жүрем сөзіңізді
Сәбимін сәбиің боп қала берем
Өзгеден артық тұрған өзіңізді
Мен үшін жаратылған ана дер ем
Жақыным сіз ғанасыз бұл өмірде
Аман бол амандығың, қымбат маған
Мен білмес жұмақ бар-ау бұл өмірде
Бақытқа әркез мені құндақтаған
Мен білмес жұмақ бар-ау жүрегіңде
Бақытқа әркез мені құндақтаған
Жақыным сіз ғанасыз бұл өмірде
Аман бол амандығың, қымбат маған
Мен білмес жұмақ бар-ау жүрегіңде
Бақытқа әркез мені құндақтаған
Мен білмес жұмақ бар-ау бұл өмірде
Бақытқа әркез мені құндақтаған
Бақытқа әркез мені құндақтаған