Обложка трека Фламинго — Гүлназия Бейсенова
3:09

Гүлназия Бейсенова Фламинго

Альбом · Фламинго · 2024

Скачать

Текст песни

Сұлусың иілген елімнің қызындай
Жүресің еркінсіп төрімде қысылмай
Жаралдың ерекше, көрген жан қызығар
Елімнің символы, ғажайып құсым-ай
Жаралдың ерекше, көрген жан қызығар
Елімнің символы, ғажайып құсым-ай

Қызыл қанат құсым-ай
Қызыл қанат құсым-ай

Көреді адамдар қызығып күн сайын
Қош келдің дегендей, тербеліп тал қайың
Мыңдаған құстардан, бір сені таңдадым
Көгілдір көктемдей, өзіңді аңсадым
Мыңдаған құстардан, бір сені таңдадым
Көгілдір көктемдей, өзіңді аңсадым

Қызыл қанат құсым-ай
Қызыл қанат құсым-ай

Сағынып қарсы алдым, тағыда құс легін
Құшағын ашқандай, ғажайып әлемін
Өзіңді көруге құштар боп келемін
Әнімсің бітпейтін, мен жазған өлеңнің
Өзіңді көруге құштар боп келемін
Әнімсің бітпейтін, мен жазған өлеңнің
мен жазған өлеңнің
мен жазған өлеңнің

Қызыл қанат құсым-ай
Қызыл қанат құсым-ай

0:00 0:00