Перейти к содержимому
Обложка трека Түнгі қала — Azamat Torekhan
2:51

Трек

Azamat Torekhan Түнгі қала

Сингл · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Түнгі қала жанады жанарыңда,
Ойын-күлкі бір сенің қалауыңда.
Би билейсің ырғақты әдемі сен,
Жарқылдаған түңгі би алаңында.
Неткен сұлу қимылың құрбым менің,
Бара жатыр шашырап есім менің.
Көлеңкең боп жүруге дайынмын мен,
Болмасам да аңсаған асыл теңің.
Атырып таңымды,
Тулатып жанымды,
Басыма шығарды-ау,
Ыстық қанымды.
Бойжеткен жалынды.
Беруге дайынмын
Бір саған мен қиып барыңды.
Билеңдер достар бәрің бұл әнге,
Қайғыру жастық шағыңа тән бе?
Жалындап жанған кезіңе,
Жете алмайды сол жаққа ештеңе.
Тартынып қалып таймаңдар сендер шетте,
Қиылсыз өмір еш болмас әлбетте.
Ырғақты би биле,
Ажарлы, ажарлы бойжеткен!
Атырып таңымды,
Тулатып жанымды,
Басыма шығарды-ау,
Ыстық қанымды.
Бойжеткен жалынды.
Беруге дайынмын
Бір саған мен қиып барыңды.
Yeah, сағат 5 те таң атқан кезде
Дайын бол алып кетем сені МЕРСпен
Бұл түн мәңгі қалад есте
Өтіп кетсе де ЗУ етіп лезде
Қолымызға ыстық кофені алып ап
Әсем қаламызды жүреміз аралап
Көріссек егер осылай көбірек
Жалындай түседі біздің махаббат

Комментировать

0:00 0:00