Перейти к содержимому
Обложка трека ARMANDA — Azamat Torekhan
2:47

Трек

Azamat Torekhan ARMANDA

Сингл · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Махаббаттың мәнін
Жүректердің әнін
Әндетейік біз бірге
Келтірейік сәнін
Тербетейік бәрін
Әуенменен біз күнде
Сағынышың мені
Іздеп тағы келді
Бірақ сезім таппадым
Қайда сезім қайда
Жылу салған ойға
Қайталашы аппағым
Сен мені армандашы армандашы
Жабырқап жалғыз қалғанда
Қызғылтым күйге алданбашы
Сұлу әнге салғанда
Кез келгенде маған
Көзіме қараған
Көздеріңді ұнаттым
Қайда үміт қайда
Апаратын айға
Көзқараспен құлаттың
Құлпыратын гүлім
Көңіліңнің сырын
Ақтарайық біз бірге
Таба алмайтын тыным
Арманыңның үнін
Оятайық күн түнде
Сен мені армандашы армандашы
Жабырқап жалғыз қалғанда
Қызғылтым күйге алданбашы
Сұлу әнге салғанда
Yeah, Жаным ау алданып қалмаш әп-әдемі гүлдеріне
Ah, өзгенің сені сүйем деген өтірік сөздеріне
Көзіңді ашшы қане
Шыныменде байқамайсың бане?
Саған деген сезімім шексіз,
оған мүлде керек емес дәлел
Тек менімен өмірің болад керемет
Сені бағалайтын жанды өзіңе керек ет
Қолым босай қалса тек қуанту керек
Жүре бермей жарығым үйлену керек ед
Деп менімен сен күлімдесең
Сөздерім саған теңесер
Кезім келер сенімен тілдесер
Бола ма сені гүл десем?

0:00 0:00