Перейти к содержимому
Обложка трека Кеудемде күй бар — Мұхтар Рамазанов
3:40

Трек

Мұхтар Рамазанов Кеудемде күй бар

Сингл · 2026 · Другое

Скачать

Текст песни

Кеудемде күй бар күңіренген,
Дерт болып жұққан тірілерден.
Бірінің барын бірі қызғанған,
Пенделерден түңілем мен.
Көзімде мұң бар мұнарланған,
Шыға алмай қойдым тұмандардан.
Қолымды созсам жете алмаймын,
Қия шыңдағы шынарда арман.
Көңілде шоқ бар лапылдайтұғын,
Өмірде сот бар сатылмайтұғын.
Ол деген сенің ар мен иманың,
Еш кім де еш кез басынбайтұғын.
Еш кімге еш кез басұрмайтұғын!
Сөзімде зіл бар батпан жүктей,
Алты айлық қыстай жаткан кетпей.
Жағымпаз тірлік, өсекшіл өмір,
Қойды ғой тіптен тақтан түспей.
Төзімде шек бар төпелей берсе,
Сезімде сел бар шөкелей берсе.
Ерлердің арзу арманы шығар,
Жамбасын жерге төсемей өлсе.
Көңілде шоқ бар лапылдайтұғын,
Өмірде сот бар сатылмайтұғын.
Ол деген сенің ар мен иманың,
Еш кім де еш кез басынбайтұғын.
Еш кімге еш кез басұрмайтұғын!

0:00 0:00