Текст песни
Санама нұр құйып жасымнан
Ақылға дария бас ұрған
Аялап алақан басымнан
Қамқорым панам
Өмірдің сан тарау жолдары
Бақытым баянды қолдағы
Мәңгілік қасымда бол дағы
Әкем-анам!
Әкешім ардағым
Анашым гүл бағым
Сіздерден үйрендім
Өмірдің бар мәнін
Бәйтерек биігім
Әкешім үйімнің
Қазына қазығы
Анашым мейірім.
Жеткізген бұл күнге біздерді
Асылға теңейміз сіздерді
Қос шынар мәуелі із белгі
Шаңырақ шаттық
Қанатым қарыштап самғады
Мақсатты жолымды жалғады
Өмірім сәулелі алдағы
Шырағын жақты
Әкешім ардағым
Анашым гүл бағым
Сіздерден үйрендім
Өмірдің бар мәнін
Бәйтерек биігім
Әкешім үйімнің
Қазына қазығы
Анашым мейірім.
Жадымда бол мәңгі
Анашым-әкешім