Текст песни
өңіл деген алтынан сарайым бар,
Бақытымды тілеген маңайым бар!
Қуанышты қош көрдік бөлісуге,
Қош келдініз бұл тойға ағайындар!
Атам қонақ деуші еді қыз атауын
Қызым бүгін қалайды өз отауын
Уақыт шіркін зымырап барады екен
Қызымды мен бағына ұзатамын
Қызым қызым ,қызғалдағым ,қырмызым
Орындалсын ізгі арманың гүл қызым
Шаңырағын толы болсын шаттыққа
Бақытты бол сүйгеніңмен гүл қызым
Жүзіңе толып нұр
Сағынсаң келіп тұр
Жарыңды баламдай көрейін алтыным !
Жарық жұлдызымды ,аққудай қызымды
Құдалар ,құдалар сендерге тапсырдым
Ата-анасы уайымын жасырады
Балапаным бақытқа асығады
Кешіріңдер достарым толқып тұрмын
Толқый толқый теңіз де басылады
Біз разымыз тағдырдың жазғанына
Әжең берген тәрбие сол қазына
Ата-енеңнің алғайсың ақ бастасын
Қызым енді ие бол өзі бағыңа!
Қызым қызым ,қызғалдағым ,қырмызым
Орындалсын ізгі арманың гүл қызым
Шаңырағын толы болсын шаттыққа
Бақытты бол сүйгеніңмен гүл қызым
Жүзіңе толып нұр
Сағынсаң келіп тұр
Жарыңды баламдай көрейін алтыным !
Жарық жұлдызымды ,аққудай қызымды
Құдалар ,құдалар сендерге тапсырдым