Перейти к содержимому
Обложка трека Гүлнәрім — MELOMEN
3:42

Трек

MELOMEN Гүлнәрім

Сингл · 2020 · Поп, Хаус

Скачать

Текст песни

Лаулаған, аумаған
Сен гүлдер ханшасы.
Жетем деп болды опат,
Ғашықтың қаншасы?
Елеске толтырып
Жер мен көк арасын.
Шулатып, тулатып,
Қанымды барасың.

О Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Ұйқымды менің ұрладың.
Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Жаза алмай жүрген жырларым!
О Гүлнәрім менің Гүлнәрім,
Махаббат толы жылдарым!
Жасырып елден жүрмін мен
Жүректе сендей гүл барын!

Арманым алдай ма,
Қалайша бос елес?
Мен саған ғашықпын,
Ғашықпын, дос емес.

Әлде сен жанбысың
Жүрегі бос емес.
Бармайды қоңырау,
Бармайды смс.

Уайымға салу,
Жоғалту табу.
Сағыныш жасына
Жанарды малу.
Үмітті жағу,
Жолыңды бағу.
Сағыну, жану,
Амалсыз қалу.
Қуану, күрсіну,
Тағы бал, тағы у.
Дертіңе дәру,
Таусылу, толу.
Көздерің қару,
Жаралау, жару.
О-Махаббат
Жоғалту табу
Уайымға салу,
Жоғалту табу.
Сағыныш жасына
Жанарды малу.
Үмітті жағу,
Жолыңды бағу.
Сағыну, жану,
Амалсыз қалу.
Қуану, күрсіну,
Тағы бал, тағы у.
Дертіңе дәру,
Таусылу, толу.
Көздерің қару,
Жаралау, жару.
О-Махаббат
Қосу ,алу

О Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Ұйқымды менің ұрладың.
Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Жаза алмай жүрген жырларым!
О Гүлнәрім менің Гүлнәрім,
Махаббат толы жылдарым!
Жасырып елден жүрмін мен
Жүректе сендей гүл барын!

0:00 0:00