Перейти к содержимому
Обложка трека Сен үшін, Бәке! — Нұрсаят Серікбаев
3:11

Трек

Нұрсаят Серікбаев Сен үшін, Бәке!

Сингл · 2022 · Поп

Скачать

Текст песни

"Бар" деген жерге бардым,
"Қал" деген жерде қалдым.
Сен "менен үлгі ал" дедің,
Мен сенен үлгі алдым.
Көшеде жүрдің қатты.
Сол маған болды сәтті.
"Бәкеңнің інісі ғой" -деп,
Бәрі арқамнан қақты.
Қызығушы ем күніңе,
Мықты ғой деп ірі де.
Талайларды тоқтатқан,
Таңғалушы ем тіліңе.
Сен үйреттің жүруге,
Дұрыс өмір сүруге.
Ал енді айтшы ағажан,
Ризамысың ініңе?
Көріп сені ер жеттік
Болды біраз тентектік,
Тентектің артында,
Тұрушы еді еркектік.
Жоқ болса да қалтаңда,
Жомарт едің мәрт алда.
Інің адам болғаны,
Аға сенің арқаңда.
Іні болып жолықтым,
Уақыт жүйрік соны ұқтым
Байқадың ба біреуге,
Мен де аға болыппын.

0:00 0:00