Текст песни
Асқар тау қорғаным,
Өзіңсің жан әке.
Басымда зор бағым,
Өзіңмен жан әке.
Әке деп ән салам,
Өзіңе еркелеп.
Жанымда саялар,
Әкешім - бәйтерек!
Құлпырған гүлімсің,
Көңілімнің сәні.
Шуақты күнімсің,
Өмірімнің - мәні.
Нәзік те, қайсар бол,
Іздерін жалғайтын.
Әлия, Мәншүктей,
Апаңнан аумайтын.
Әке, әке - сен менің тірегім!
Қызым, қызым - сен менің жүрегім!
Берік боп отбасы, бөлінбей жүрсінші,
Аман боп ата-ана балалар күлсінші.
Ақылшым, ардақты,
Өзіңсің жан әке.
Ойлайтын жан-жақты,
Қамқоршым жан әке.
Жайыңды жасайтын,
Аялап, мәпелер.
Жығылмай жүз жаса,
Тау тұлға әкелер!
Бал тілің еліткен,
Тәп-тәтті бал қызым.
Өзіңе болсыншы,
Жаратқан жар қызым.
Ашық боп аспаным,
Жайнасын жұлдызы.
Бақытты күн кешсін,
Елімнің ұл-қызы.