Обложка трека Өмір — Ержан Алшын
3:24

Ержан Алшын Өмір

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Бәріде жақсы өмірді қалайды
Адамдар жағдайыңа қарайды
Бірде бар бірде жоқ боп
Бірде аш бірде тоқ боп
Өзіме осы жүріс қолайлы

Аз сөйлеп көп іс қылсаң жарайды
Иілсең қорқады деп санайды
Құласаң қор қылады
Жыласаң сор қылады
Індемей бетке күліп тонайды

Ешкімге өкпемде жоқ сұрағымда
Құласам қолды қағып тұрамында
Өкініп жыламаймын
Қол жайып сұрамаймынай ай өмір

Біреуге жағу үшін мақтамаймын
Досытықты сақтау үшін ақтамаймын
Оған кек сақтамаймын
Бұрылып тоқтамаймын ай өмір

Өтірік күліп тұрып алдайды
Алдаған саған шын дос болмайды
Ешкімге сене берме
Айтқанға көне берме
Ата анаң ғана сені қолдайды

Отбасым жылы ұям жан-жарым
Сендермен мен ешқашан тоңбадым
Сендермен жеңілмеймін
Ауырға берілмеймін
Бақытты қылу менің арманым

Ешкімге өкпемде жоқ сұрағымда
Құласам қолды қағып тұрамында
Өкініп жыламаймын
Қол жайып сұрамаймынай ай өмір

Біреуге жағу үшін мақтамаймын
Досытықты сақтау үшін ақтамаймын
Оған кек сақтамаймын
Бұрылып тоқтамаймын ай өмір

0:00 0:00