Текст песни
Алтын көпір салынды құда болдық біз бүгін
Шапан жауып құдаға құдағиға жүзігін
Тату тәтті бақытты болсын жастар әрқашан
Құдаменен құдағи осы күнді аңсаған
Құдалар құда құда дегізген
Ас атып құйрық бауыр жегізген
Қазақтың салтыменен күтетін
Арнайтын бір біріне лебіздер
Жүзік салдық адалдық белгісі деп жастарға
Үміт арттық болашақ ақ шуақты таңдарға
Ақ ниетпен басталды жаңа өмір белесі
Ақ батамен ашылды болашақтың есігі
Құдалар құда құда дегізген
Ас атып құйрық бауыр жегізген
Қазақтың салтыменен күтетін
Арнайтын бір біріне лебіздер