Обложка трека Тілек — Жарасхан Төлебай
3:43

Жарасхан Төлебай Тілек

Сингл · 2026

Скачать

Текст песни

Ұлдары бар тұлымды.
Қыздары бар бұрымды.
Қонақтарға ассалау,
Мағалейкум бүгінгі.
Астарыңыз ағайын,
Болсын дейміз жұғымды.
Қарттарыма денсаулық,
Жас тілейміз ғұмырлы.
Құтты болсын дей келдік,
Тойларыңа дүбірлі.

Түйе бағып, сиырмен.
Жылқы айдасын үйірмен.
Әрбір қазақ бай болсын,
Қымбат киім киінген.
Тойың өтсін дүркіреп,
Әнменен би-күйіңмен.
Айырмасын жаратқан,
Қазақты кең пейілден.
Арылмасын ешқашан,
Құт-береке үйіңнен.
Қойсаңдаршы әумин деп...

Еңкеймеген ерлерім.
Қазақ деген елдемін.
Дүркіреген тойыңда,
Тілек айтып терледім.
Бере көрсін құдайым,
Тілегенін пенденің.
Қуаныш пен баянды,
Бақыт болсын көргенің.
Тойда ғана шашылсын,
Барлық жиып-тергенің.

0:00 0:00