Обложка трека Біздің Қызылорда — Жарасхан Төлебай
3:06

Жарасхан Төлебай Біздің Қызылорда

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Тау жоқ десең даласында,
Тау мінез бар баласында
Мен сүйетін бір қала бар,
Сырдария жағасында
Тазалығы бұзылмайды,
Жел соқса да арасында
Қазағыма қызыр орда -
ҚЫЗЫЛОРДА!!!

Қ/сы
Қызылордам - сайран екен,
Берекенің қаймағы екен
Оттан ыстық сен тұрғанда,
Отан асып қайда кетем!

Қызылордам - бақыт екен,
Жерұйықтай жақұт екен,
Шашын жайған сұлуымсың,
Сырдың жағасында!!!

Сыр Алашқа ана болса,
Қазақылық пана болса
Өзегіңді қуратпайды,
Өзіңде өскен бала болса
Ең шынайы ел еңбегі,
Ең шырайлы қала болса
Қазағыма қызыр орда -
Қызылорда!

Қызылордам - жағалауы жайнаған,
Көшесінде күн сәулесі ойнаған
Адамдары ақ күріштей иіліп,
Қонағымен қуанышын тойлаған!
Түр мен тілге бөлінбейді айналам
Барлығы да қазақ тілде сайраған
Күннен-күнге құлпырады Сыр елі,
Ерің барда туған жерін ойлаған!

0:00 0:00