Текст песни
Мен жүрген жолдың,
Төңірегінде,
Қанатыңды жайып құс болып қондың.
Жарығым болдың,
Қараңғы түнде.
Маған жол көрсетер ай болып толдың.
Айтпасам да білесің өзің,
Сені ғана көреді көзім.
Бұл дүние жойылса да,
Мен сені келесіден табамын.
Соңғы нүкте қойылса да,
Үтірге алмастырып аламын.
Жүрек терең ойылса да,
Жараңды сезіміммен жабамын.
Мейлі бәрін ойын сана,
Мен әрдайым шынайы боламын.
Тағдырым,
Сыйлады сені маған,
Ал мен болсам сыйлайын,
Саған бәрін.
Барлығын,
Ұмытып сенің ғана,
Мәңгілікке болайын,
Сүйген жаның.
Айтпасам да білесің өзің,
Сені ғана көреді көзім.
Бұл дүние жойылса да,
Мен сені келесіден табамын.
Соңғы нүкте қойылса да,
Үтірге алмастырып аламын.
Жүрек терең ойылса да,
Жараңды сезіміммен жабамын.
Мейлі бәрін ойын сана,
Мен әрдайым шынайы боламын.