Обложка трека Juregimdesin — Iliyas Kabdyray
2:25

Iliyas Kabdyray Juregimdesin

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Мен сені,
Көрдім де - байландым,
Өмірімнің мәніне айналдың.
Күні-түн сені ойладым,
Ойлап қоймадым,
Тоймадым.
Сен менің,
Жанымды тербеттің,
Бұрын былай сүюді білмеппін.
Мәңгілік ғашығың еттің,
Гүлдерін ектің,
Жүректің.
Сыйлады ма күн нұрын, құйып көзіңе,
Жылулығын алдың ба жиып өзіңе?
Берер едім барлығын “мен сені сүйем”
Деген сөзіңе.
Сүйдім сені, айнала не десе, десін,
Бұл әлемде бәрінен керегі сенсің.
Басқалары өткенде - ал өзің болсаң, -
Жүрегімдесің.
Мен сені,
Көрдім де - байландым,
Өмірімнің мәніне айналдың.
Күні-түн сені ойладым,
Ойлап қоймадым,
Тоймадым.
Сен менің,
Жанымды тербеттің,
Бұрын былай сүюді білмеппін.
Мәңгілік ғашығың еттің,
Гүлдерін ектің,
Жүректің.
Шынайы, мөлдір сезім арамызда,
Емделеді енді біздің жарамыз да.
Өтейікші бұл өмірден қол ұстасып,
Қозы менен Баяндардан қаламыз ба?
Мен сені,
Көрдім де - байландым,
Өмірімнің мәніне айналдың.
Күні-түн сені ойладым,
Ойлап қоймадым,
Тоймадым.
Сен менің,
Жанымды тербеттің,
Бұрын былай сүюді білмеппін.
Мәңгілік ғашығың еттің,
Гүлдерін ектің,
Жүректің.

0:00 0:00