Обложка трека Мазалама — Aidana Medenova
3:42

Aidana Medenova Мазалама

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Еліктірдің мені қатты,
Сөздеріңмен балдай тәтті, тәтті.
Оңай жаулап алам дейсің,
Мендік жүрек, махаббатты.

Қажеті жоқ арзан гүлдің,
Гүлді күнде алып жүрмін,жүрмін.
Соған бола сүйіп қалсам,
Өзің айтшы, сонда кіммін?

Бридж:
Айдан алқа тағып берсең де,
Жұлдыз жүзік салып берсең де,
Болмашыға алдана салар,
Мен емес, мен емес.

Қайырма:
Жүрегімді менің жазалама,
Шын сүймесең мені мазала, мазалама.

Еліктірдің мені тағы,
Бірақ жалған соның бәрі, бәрі.
Жүрегімді ұсынар ем,
Сөздеріңнің болса мәні.

Қажеті жоқ қымбат сыйың,
Ол мен үшін тұрар тиын, тиын.
Сыйлық беріп сатып алар,
Мендік жүрек емес бұйым.

Бридж:
Айдан алқа тағып берсең де,
Жұлдыз жүзік салып берсең де,
Болмашыға алдана салар,
Мен емес, мен емес.

Қайырма:
Жүрегімді менің жазалама,
Шын сүймесең мені мазала, мазалама.

0:00 0:00