Текст песни
Мама, мен байып кетем,
Демалам, ертең асып шетел
Бәріне адал жолмен жетем.
Адал жолмен
Ниетім таза, жолым ақ.
Тамырым қазақ, жүректе хақ
Арманым биік, мінезім жұмсақ,
Таңертең кофе ішем, түнде жоспар сызам
Көше емес, білім таңдап,
Мақсат қойдым, жүріп алға.
Трендті емес, жүректі тыңдаймын.
Тағдырға сенем, жазылған маңдайға.
Кейде шаршаймын,
кейде құлай жаздаймын
Мама сенің дұғаң
Маған керек әрдайым
Мама, мен байып кетем,
Демалам, ертең асып шетел
Бәріне адал жолмен жетем.
Адал жолмен
Мама, мен байып кетем,
Демалам, ертең асып шетел
Бәріне адал жолмен жетем.
Адал жолмен
Подкаст тыңдау, кітапті кеміру,
Жараспайды диванда жатып семіру.
Міржақып атам оятып кеткен,
Мағжанның жолбарысы атанып кеткенмін.
Жай миллионер емеспін
пайдалы адаммын
Ақыл мен жүрек
Деген фитнес залданмын
Кейде шаршаймын,
кейде құлай жаздаймын
Мама сенің дұғаң
Маған керек әрдайым
Мама, мен байып кетем,
Демалам, ертең асып шетел
Бәріне адал жолмен жетем.
Адал жолмен
Мама, мен байып кетем,
Демалам, ертең асып шетел
Бәріне адал жолмен жетем.
Адал жолмен
Ауа райы қандай болса да шүкір
Кейде қалтам толы, кейде теңге болмайды шүкір
Қиындайды, сосын жеңілдейді
Өмір сондай оны алма кезек дейді
Жақсы тұлпар қамшы салдырмайды
Ісім сөзіме сай
сөзіме сай
Әулетімді ұятқа қалдырмаймын
Ісім сөзіме сай
сөзіме сай
Уәдеңнен тайма
тырыс
уәдеңнен тайма
тырыс тырыс тырыс
Мама, мен байып кетем,
Демалам, ертең асып шетел
Бәріне адал жолмен жетем.
Адал жолмен