Текст песни
Менің туған күнім ғой қалғымайын
Баса бермес қара бұлт тауды дәйім
Көтерейік достарым арман үшін
Туған жердің шарабын алдырайын
Көтерейік достарым арман үшін
Туған жердің шарабын алдырайын
Байқаймысын күндағы қабақ ашып
Кетті менің күлкіме араласып
Қырда менің бір тойым өтіп жатыр
Көңілімнің көкпарын ала қашып
Қырда менің бір тойым өтіп жатыр
Көңілімнің көкпарын ала қашып
Тағдыр бізге бақытын тең бөлгендей
Арман құсың боламын мен көргендей
Өзің жүрсен қасымда ақ бесігім
Анашымның қолымен тербелгендей
Өзің жүрсен қасымда ақ бесігім
Анашымның қолымен тербелгендей
Анашымның қолымен тербелгендей