Перейти к содержимому
Обложка трека Іздеме — Ақбота Керімбекова
5:09

Трек

Ақбота Керімбекова Іздеме

Альбом · Сборник · 2020 · Поп

Скачать

Текст песни

Шаттығымды ұрлатып көп түндерге
Кірпігімнен жаңбыр құйған гүлдерге
Сағынышты сырларымды жеткіз деп
Сыбырлағам талай кеште желдерге

Силап едің маған бақыт гүліңді
Сол қызғалдақ сертсіздіктен жұлынды
Нүкте қойып махаббатқа мен бүгін
Жұбатамын жүректегі гүлімді

Сенде мені сағынбашы іздеме
Іздемеші көктемде
де күзде де
Сенде енді үмітіңді үркітіп
Арнай берші сезіміңді өзгеге

Қиын білем арылуы сезімнен
Төгіледі мөлдір моншақ көзімнен
Бәрін бәрін өткен күнге енші қып
Күресейік арпалысқан өмірмен

Сенде мені сағынбашы іздеме
Іздемеші көктемде
де күзде де
Сенде енді үмітіңді үркітіп
Арнай берші сезіміңді өзгеге

Сенде енді азаптама жаныңды
Өшіре сал кеудеңді жалынды
Сенде мені ұмытуға бел буып
Басқа жаннан тапшы күткен бағыңды

Сенде мені сағынбашы іздеме
Іздемеші көктемде
де күзде де
Сенде енді үмітіңді үркітіп
Арнай берші сезіміңді өзгеге

Сенде енді азаптама жаныңды
Өшіре сал кеудеңді жалынды
Сенде мені ұмытуға бел буып
Басқа жаннан тапшы күткен бағыңды

Сенде мені ұмытуға бел буып
Басқа жаннан тапшы күткен бағыңды

0:00 0:00