Текст песни
Сүйемін сені бәрін ұмытып
Ойлаймын сені жаным күні-түy
Сен деп қана соғатын жүректе
Лаулайды үмітім лаулайды үмітім
Өзіңсіз уақыт тоқтап қалғандай
Өзіңсіз қара түнек бар маңай
Көз-көрім жерде тұрған мөлдіреп
Қол жетпес арман-ай қол жетпес арман-ай
Себелеп ақ жауын
Сені ойладым жаным
Соңғы рет болсада, болсада
Көргім келді
Себелеп ақ жауын
Қоштастық біз тағы
Кешіре алсаң кешір
Тым болмаса болайын сенің
Ең сүйікті жауың
Мен үшін көкте жарық күн едің
Сездірмей сезім отын үрледің
Сен жайлы тәтті-тәтті ойларым
Көзімде тұр менің, көзімде тұр менің
Бейтаныс жандай жүрміз байқамай
Жан сырын қиналамын айта алмай
Ойымыз бір толқында жүзгенме
Жолымыз әр қалай жолымыз әр қалай
Себелеп ақ жауын
Сені ойладым жаным
Соңғы рет болсада, болсада
Көргім келді
Себелеп ақ жауын
Қоштастық біз тағы
Кешіре алсаң кешір
Тым болмаса болайын сенің
Ең сүйікті жауың