Текст песни
Құда деген туыс та емес досыңда
Құдалықта ескерілмес жасыңда
Құда деген Құдай қосқан жегжатың
Шаттық қайғы бір жүретін қасыңда
Ата жолың толғайтын
Шежіреңді жалғайтын
Құда болу салтымыз
Дәстүріңді қолдайтын
Құда деген тілеулесің өмірде
Құда үшін таза ниет көңілде
Құда деген қошеметтің иесіай
Тақсырыңдай отыратын төріңде
Ата жолың толғайтын
Шежіреңді жалғайтын
Құда болу салтымыз
Дәстүріңді қолдайтын
Құда деген қызың барар өрісің
Құда деген ұлға келер ырысың
Құда болу алыс беріс арасы
Мың жылдыққа жасалған нарт келісім
Ата жолың толғайтын
Шежіреңді жалғайтын
Құда болу салтымыз
Дәстүріңді қолдайтын