Текст песни
Жүрегіме сақтап алған,
Сол бір сезім тәтті-ау арман
Сағым күндер хатта қалған.
Аспан, көктен, жұлдыз ақты,
Тереземді тамшы қақты
Көз жасыңдай құлап жатты неге?
Сағындым ғой өзіңді,
Өшіре алмаймын сезімді.
Аааа
Сенсіз кеш мұңды,
Сүйе алмадым ешкімді.
Дәл өзіңдей, мінезіме шыдай алар кім?!
Сенің мөлдір ұнайды жанарың.
Ұнайды жанарың.
Сағындырған мәңгі менің сен сағынышым,
Қол жетпейтін әлде сағымбысың?
Сұлу сағымбысың?
Жүрек үнін тыңда жаным.
Таңың болып бірге атамын.
Жасыңды да құрғатамын енді.
Айтқан сөзің есімде,
Сыр ашпадым мен ешкімге.
Айлы түнге де,
Алтын арайлы күнге де.
Дәл өзіңдей, мінезіме шыдай алар кім?!
Сенің мөлдір ұнайды жанарың.
Ұнайды жанарың.
Сағындырған мәңгі менің сен сағынышым,
Қол жетпейтін әлде сағымбысың?
Сұлу сағымбысың?