Обложка трека Бір әлембіз — C.C.TAY
3:10

C.C.TAY Бір әлембіз

Сингл · 2026

Скачать

Текст песни

Жабығып жалғыз жүргенде
Сарғайып күтумен күнде
Өзгерттің сен өмірімді
Бақытқа бөлеп бір демде
Естігендей менің қалауымды
Жылулыққа толтырдың ғаламымды
Таптым сенен өмірдегі өз адамымды
Қалай жүргенмін сенсіз
Сенде жүрдің қалай менсіз
Біздің сезім енді шетсіз, шексіз
Қайырмасы:
Бір әлембіз екеуміз
Өмірі де
Көңілі де
Мәңгі бірге
Бір әлембіз екеуміз
Жүрегі де
Тілегі де
Бірге
Бір әлембіз
Оянам қазір күлімдеп
Барыңды сезініп жүрек
Айналдық бір әлемге
Бір арман бізде, бір тілек
Болашағым бірге өзіңменен
Аялайсың жып-жылы сезімменен
Сыңарымды таптым сенен мен іздеген
Қалай жүргенмін сенсіз
Сенде жүрдің қалай менсіз
Біздің сезім енді шетсіз, шексіз

0:00 0:00