Текст песни
Арамызды бөліп тұр шақырым
Сонда да өзіңе асықтым
Арамыз алыс болсада біздердің
Өзіне ғана ғашықпын
Қолымда билетім
Келемін саған
Барғаннан соң
Құшақтап алам
Үй жағына
Гүлмен барам
Жаным саған
Мейлі қай қаладасың
Тұрайық араласып
Қоңырау шалып жағдай біліп
Бір сәт хабарласып
Хат жазып хат алмасып
Жүрек сырын қозғасын
Сенші маған меніменен
Бақытты боласың
Анамнан аумаған міңезінді ұнаттым
Көзіме қараған көздеріңді ұнаттым
Жүрегі иманмен нұрланған аруым
Ғасырды өзіңмен бақытты өткізем
Сәл сабыр сақтайық
Сынақтан бірге аттайық
Болашаққа қадамдарды
Екеуміз бірге жасайық
Тек сеніменен бірге
Жетемін бәріне,бәріне