Текст песни
Қолда қамшым күмістен,
Бәйгеге бір мен түскем.
Жорға менің өмірім,
Желден жүйрік желіскен.
⠀
Сенсіз бір сәт тұра+алмайм
Өзің таза бұлақтай.
Қанаттанам қырандай
Сен қасымда болғанда-ай.
⠀
Сәулем-ай, күн шуағым
Жасырмай, айтшы жұмбағың
Ұйқымды ұрламай,
Бір болшы
О, Сәулем-ай.
⠀
Сәукелеңдей көрінер
Таңғы әсем Алатау.
Сенің күлкің секілді
Сыңғырлаған шашбау
⠀
Менің саған көңілім,
Шегі жоқ кең дала,
Өтіп жатыр өмірім
Ойымда тек сен ғана.
⠀
Сәулем-ай, күн шуағым
Жасырмай, айтшы жұмбағың
Ұйқымды ұрламай,
Бір болшы
О, Сәулем-ай.
Комментировать