Обложка трека Құдай бере салғаным — Baygun
2:56

Baygun Құдай бере салғаным

Сингл · 2024

Скачать

Текст песни

Сен менің жұлдызым боп жағылғансың
Жоғалған бақытым боп табылғансың
Бермеймін сені ешкімге барымды алсын
Сен менің жетпей тұрған қабырғамсың

Тәп тәтті менің әппәғым
Орындалсын бар арманың
Аруысың сен қазақтың
Түсінген сөздің салмағын

Мықты екен менің талғамым
Мен боламын сенің бар бағың
Құшақтайыншы кел бері
Құдай бересалғаным

Бұл қандай шуақ толы өмір еді
Сен күлсең қайғы мен мұң жеңіледі
Сен болсаң дөңгелеген дүниеде
Қарттық та сұлу болып көрінеді

Тәп тәтті менің әппәғым
Орындалсын бар арманың
Аруысың сен қазақтың
Түсінген сөздің салмағын

Мықты екен менің талғамым
Мен боламын сенің бар бағың
Құшақтайыншы кел бері
Құдай бересалғаным

0:00 0:00