Текст песни
Күнде терле дейді, түнде де терле дейді
Таңнан кешке дейін ақша үшін өлейін ба?
Күнде терле дейді, түнде де терле дейді
Оған уақыт кетіретін мен өмірді сүрмеймін.
Қиқу-қиқаң, қиқу-қиқу-қиқаң!
Неге айналамда кілен қоқиқаздар?
Мен алдыға кетсем мені артқа тартады
Мені досым деп өзіңді әуре қылма.
Біздің арамызда өте үлкен шыңырау,
Жүрегімді естимін, ал сен саңыраусын
Сенің құлағыңда айналаның айғайлары,
Менің құлағымда Жаратушының сыйлары.
Мені қозғамайды олардың сөздері
Сені қозғамасын сеннен өзге екенім.
Мені қозғамайды олардың күлгені
Мен-меншілдік емес, мен өзімді білемін.
Күнде терле дейді, түнде де терле дейді
Таңнан кешке дейін ақша үшін өлейін ба?
Күнде терле дейді, түнде де терле дейді
Оған уақыт кетіретін мен өмірді сүрмеймін.
Басыма сыймайды. Сөздер сыртқа сұранады
Оларды түсінбеймін, мен алжудамын
Есуас болуға тура келеді
Өз-өзімнен кейде кеткім келеді.
Басыма сыймайды. Сөздер сыртқа сұранады
Оларды түсінбеймін, мен алжудамын
Есуас болуға тура келеді
Өз-өзімнен кейде...
Кеткім келеді
Күнде терле дейді, түнде де терле дейді
Таңнан кешке дейін ақша үшін өлейін ба?
Күнде терле дейді, түнде де терле дейді
Оған уақыт кетіретін мен өмірді сүрмеймін.
Мені қозғамайды олардың сөздері
Сені қозғамасын сеннен өзге екенім.
Мені қозғамайды олардың күлгені
Мен-меншілдік емес, мен өзімді білемін.