Текст песни
Басымнан өткен күндер шыға алмайды
Сене алмаймын,
Бауырым болмайды бұның,
Өтінем тез қайт болды.
Анаң сонау жерден
Келді сенің басыңа,
Өйткені сен ғайып болдың
Есімнен шықпайтын болдың
Ха, е
Таппадым сені еш жерден
Тағдырым неге үйтеді?
Білем өмірдің бәрі өтпелі
Бірақ сені неге алды ерте менен?
Қалдырдың жалғыз
Біздің болашағымыздағы күніміз
Қайда кетті сонда берген сөзіміз?
Сенсіз белес маған жауыз!
Күндер - түндер өтеді
Бұл жай ғана түс деп,
Түсінгім келмейді шынымен,
Келші менің өңіме!
Күндер - түндер өтеді
Бұл жай ғана түс деп,
Түсінгім келмейді шынымен,
Келші менің өңіме!
Аспанымыз таза болмаса да,
Жүрегіміз таза болсын!
Қаза болған адамдар жанымызда болмаса да,
Есімізде мәңгі болсын!
Аспанымыз таза болмаса да,
Жүрегіміз таза болсын!
Қаза болған адамдар жанымызда болмаса да,
Есімізде мәңгі болсын!
Жүрегімде мен іздеген жалын кетті сенімен
Аспаннан төгілген жауынды мұңымменен бөлем
Маған жан досым керек! Жалғыздық кімге керек!?
Сенімен жүрдім сергек, сенсіз жүрмін мен етбеттеп.
Жүрегімде мен іздеген жалын кетті сенімен
Аспаннан төгілген жауынды мұңымменен бөлем
Маған жан досым керек! Жалғыздық кімге керек!?
Сенімен жүрдім сергек, сенсіз жүрмін мен етбеттеп.
Бөлмең шаң басқан.
Үйіңде сенің бәрі басқаша.
Биікке өрлейік дейтін
Арманымыз қайда кетті!?