Текст песни
Қылықты мінезіңнен сенің
Тамсанамын, жанымды тербеді,
Маған керек жылуды іздедім
Таптым сені, енді жібермеспін.
Нәзік жүзіңде сенің
Махаббатымның орны енді,
Мөлдір көзіңнен көремін
Шын сезімнің не екенің.
Е ха. Біздің бірінші жаз
Қолыңда мен берген білезік бар.
Тап-таза аппақ түс өзіңе жарасады.
Жанымыз таза біз екеуіміз жарасамыз
Сенімім бар, бәрі алда
Бірге болатын күніміз алда
Әлі есімде біздің көзқарасымыз
Сенде сездіңбе себебін таласудың көздеріміздің.
Маған керегі жаз
Қайталауға тағы да сол биді баяу,
Қолдарым беліңде, басым айналуда..
Бітпесе ғой сол әуен, менде арман болмас
Қылықты мінезіңнен сенің
Тамсанамын, жанымды тербеді,
Маған керек жылуды іздедім
Таптым сені, енді жібермеспін.
Нәзік жүзіңде сенің
Махаббатымның орны енді,
Мөлдір көзіңнен көремін
Шын сезімнің не екенің.
Жанымда болшы, келші маған
Көргім келеді биіңді тағы,
Мені сынап күттірді тағдыр
Қарсы болмадым да оған..
Себебі ең сирек гүл менің қалауым
Сәуле мен судан тұратын махаббатыммен бағамын.
Наз да, ерке қылығыңа көзім тоймайды.
Сен гүл болсан, мен күніңнің рөлін сомдаймын,
Сен ән болсан, мен сені мәңгі тыңдаймын.
Толқын болсан мен сенде батуға дайынмын
Қылықты мінезіңнен сенің
Тамсанамын, жанымды тербеді,
Маған керек жылуды іздедім
Таптым сені, енді жібермеспін.
Нәзік жүзіңде сенің
Махаббатымның орны енді,
Мөлдір көзіңнен көремін
Шын сезімнің не екенің.