Текст песни
Телефонмен қарсы алып азанды
Ұйықтамайсың неге? (Неге ұйықтамайсың?)
Мұңды ойлар ұрлады мазаңды
Басыңа қақты шегемен
Оның сұр бейнесін
Жазғы көк жейдесін
Сан түрлі кездесу
Түнімен сөйлесу
Сұрайсың өзіңнен:
“Сол сәттер қайда?” – деп
Өткен шақтан пайда не?
Қайта келмейді
Ұйқы ханшайымы
Ұйқы ханшайымы
Сен жылаған сайын
Жұлдыздар жұбатады
Ұйқы ханшайымы
Ұйқы ханшайымы
Кім, айтшы, уайымың
Ұйқыңды ұрлаған?
Кім ол ұйқыңды ұрлаған?
Кім ол?
Сендік жүректі тырнаған
Кім ол?
Айтшы, паршасын шығарам
Кім ол?
Кім?
(Атын айт маған оның)
Ұйқы ханшайымы
Ұйқы ханшайымы
Сен жылаған сайын
Жұлдыздар жұбатады
Ұйқы ханшайымы
Ұйқы ханшайымы
Кім, айтшы, уайымың
Ұйқыңды ұрлаған?
Әлди-әлди
Әлди-әлди
Әлди-әлди
Әлди-әлди
Әлди-әлди
Әлди-әлди
Әлди-әлди
Ханшайым, тығылма бұлттардан
Жүрегіңді босат құлыптардан
Болайын мен-ақ бір тыңдарман
Сендік мұңдарға
Сендік сырларға
Ханшайым, ақтар сырды маған
Іздесең егер сен қаһарман
Мұқият айнаға қара
Сонда табасың
Жалғыз қаһарман