Текст песни
Кеш
Кешірім сұрауға кеш
Ештеңе етпес
Есімнен шығарам тез
Сез
Қиналғанымды сез
Сезім ойын емес
Ескі бетпердеңді шеш
Сен жанымда бола алмадың
Өзгерем деп мың алдадың
Аяғымнан мың шалғаның не
Жерден алып жерге салдың
Гүлдерімді жұлмаладың
Қалды енді хиганбана тек
Бүкіл әлем (Бүкіл әлем)
Болдың мен үшін сен
Ал сен үшін мен
Болдым тек тар бөлме
Достарыңа жамандадың
Шындықты зор бұрмаладың
Артығымның қылдың бәрін кем
Мені менен ұрлап алдың
Суретімді шала салдың
Егер бәрін білсем алдын
Ғашық болар ма ем
Біздің кеме
Жүзіп кетті терең
Қайта келмес
Сезім саған деген (Шақырма жедел-жәрдем)
Қайтпайтыным саған мәлім
Бостандық қалайды жаным
Жүрегімде толған жалын
Жерегім кең
Енді өзімді қолға алдым
Өкінішті әнге салдым
Мен өзіме бола алдым ем
Жек көрем жасағаныңды
Жек көрем қансырағанымды
Жек көрем қаша алғаныңды
Бірақ неге сені емес