Текст песни
Түнімен ойлар маза бермеді, ұйқымды ұрлады
Жүрегіңнің дауысынан жауаптар сұрадым:
“Сен басқамен махаббатты бұрын сездің бе, жаным?
Дәл осылай жанды ма олармен сенің бағың?”
Сен айттың:
“Бәрібір деп басқаға
Өтті, кетті, оларды ойлама
Мен сендікпін
Сен мендіксің
Басқасын уайымдама”
Тамаша, өмір алма-кезек
Тыңдашы, сен деп соғады асау жүрек
Басқаға ұқсамайсың мүлдем
Иә, басқаша, басқаша!
Балаша сені жақсы көрем
Оңаша, екеуміздікі әлем
Басқаша, сен бәрінен бөлек
Сен басқаша, басқаша!
Ooh
Ooh
Ooh-ooh
Уайымдама
Оларды еске алмаймын
Ойларымда тек сен әрдайым
Су жаңа жүрегім дайын
Басқаша
Басқаша!
Бұл өмірде бәрі уақытша:
Жастық, қызық, қалтадағы ақша
Тек сенімен көрінеді
Мендік жарқын болашақ
Тамаша, өмір алма-кезек
Тыңдашы, сен деп соғады асау жүрек
Басқаға ұқсамайсың мүлдем
Иә, басқаша, басқаша!
Балаша сені жақсы көрем
Оңаша, екеуміздікі әлем
Басқаша, сен бәрінен бөлек
Сен басқаша, басқаша!
Басқаша!
Комментировать