Перейти к содержимому
Обложка трека POSTLUDE: bireuge bar, bireuge tabylmagan — MEREY
3:28

Трек

MEREY POSTLUDE: bireuge bar, bireuge tabylmagan

Альбом · Higanbana · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Біреуге бар, біреуге табылмаған
Денеңе қан жіберіп тамырланған
Махаббат — адамның болмысындай
Ғылыми ешбір заңға бағынбаған
Жаны тәтті жәндік ол жыбырлаған
Құлағыңда самал жел сыбырлаған
Ормандай жолыңнан адастырар
Табиғат түгелдей танылмаған
Сәби болмас — анасын сағынбаған
Ұстаз болмас — ешқашан жаңылмаған
Махаббатсыз болмас та өмір — өмір
Есіктей ешкіммен қағылмаған.
Жасты аңсау — кәрілік болғаныңнан
Бас ауыру — мастықтың салдарынан
Бостандықтай адамға түрмедегі
Сезілер жоқтығы салмағынан
Бозторғайдай таңертең тұра алмаған
Жан досыңдай қиында қолдамаған
Махаббат — жұмбақ ол, шатастырар
Жауабын таппайды — тек сұрамаған

Комментировать

0:00 0:00